$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.03.2023, 14:24
Оқиғалар

Ақтау тұрғынын бірнеше рет ұрлап әкетіп, ақша бопсалаған қылмыстық топ әшкереленді

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Ақтау тұрғынын бірнеше рет ұрлап әкетіп, ақша бопсалаған қылмыстық топ әшкереленді
Фото: polisia.kz

Ақтауда полиция қызметкерлері қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Ұымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Ақтау қаласының «Кораблик» бизнес орталығының артындағы автожолда Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, өзгені бопсалады деген күдікпен 26 жастағы жүргізуші мен 27 жастағы оның жолаушысын ұстады.

«Жәбірленушінің айтуынша, бір топ адам оны бірнеше рет ұрлап әкетіп, ұрып-соғып, атыс қаруын қолданамын деп қорқытып, 500 мыңтеңге талап еткен, сондай-ақ жәбірленушіге тиесілі автокөлікті алып кеткен.

Полицейлер автокөлікті тінту барысында патрондары бар «ПМ» маркалы жауынгерлік тапаншаны тауып, тәркіледі. Күдіктілердің уақытша тұрғылықты жерін тінту барысында бірінің пәтерінде бірнеше жауынгерлік және травматикалық оқ-дәрілер табылып, тәркіленді», - делінген хабарламада.

Басқа екі мекенжай бойынша тінту кезінде 25, 26 және 28 жастағы күдіктілер анықталды. Олардың тұрғылықты жерінен полицейлер тағы бір тапанша, екі мылтық және оларға оқ-дәрілердің едәуір санын тауып, тәркіледі.

«Мекенжайлардың бірінен Opel Vectra көлігі табылды. Оны ұсталғандар жәбірленушіден күшпен тартып алғаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Бопсалау және қаруды сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер өз әрекеттерін мойындады. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары