$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда полиция қызметкері улы газға тұншығып ес-түссіз жатқан 5 адамды құтқарды

Оқиға 6 наурыз күні болған

Таразда полиция қызметкері улы газға тұншығып ес-түссіз жатқан 5 адамды құтқарды

Таразда полиция қызметкері улы газға тұншығып ес-түссіз жатқан 5 адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ сілтеме жасап.

Тараз қаласы ПБ 2-ші полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Әлішер Ермековтың айтуынша, ол мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Эльмира Еселбаевамен бірге оқушының сабаққа келмеу себебін білу үшін оның үйіне келген. Мектепке келмеген 8 жасар баланың ата-анасы қоңырауларға жауап бермеген. Мекенжайға келген полиция инспекторы қақпаны қаққанда да оны ешкім ашпаған. Көршілерден сұрағаннан кейін, кешеден бері отбасын ешкім көрмегені белгілі болды. Әлішер Ермеков көршісінің рұқсатымен үйдiң ауласына кiрген.

«Үйге келе жатып, терезеден біз баланың еденде ес-түссіз жатқанын көрдік. Ойланбастан терезені сындырып, бөлмеге кірдім. Үйде каустикалық иіс болды, мен тұрғындардың көміртегі тотығымен дем алғанын түсіндім. Бірден газды жауып, барлық терезелерді аштым», – деді Әлішер Ермеков.

Барлық бөлмелерді аралап шыққан полиция қызметкері 58 жастағы отағасын, оның 47 жастағы әйелін, олардың 12 және 10 жастағы қыздарын, сондай-ақ 8 жасар ұлын көшеге шығарды.

Полицей зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі қажетті көмек көрсетіп, кейін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Отбасы дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, егер оларға көмек кішкене кешiккенде, ешкімді құтқару мүмкін болмас еді. Қазіргі уақытта құтқарылған отбасының барлық мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Серіктес жаңалықтары