$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.03.2020, 11:28
Оқиғалар

Көкшетауда үш әйел ер адамды соққыға жыққан

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды 

Көкшетауда үш әйел ер адамды соққыға жыққан
Фото: ашық дереккөзден

Көкшетауда үш әйел ер адамды соққыға жығып, оған дене жарақаттарын салды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Азаттық рухы тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 1 наурыз күні сағат таңғы алтының шамасында болған. 102 нөміріне дәмхана маңында төбелес болып жатқандығы туралы хабарлама түскен.

Полицейлер анықтағандай, қақтығыс 43 жастағы ер адам мен 38, 41 және 42 жастағы үш әйелдің арасында болған. Олардың барлығы да кафеде көңіл көтеріп жүрген. Ер адам әйелдердің жанына келіп, сол жерде араларында жанжал туындаған. Дәмхана әкімшілігі оларды сыртқа шығарып жібереді. Осыдан кейін үш әйел ер адамға жабылып, оған дене жарақаттарын салған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293 бабы 2 бөлігі яғни, «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары