$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.03.2023, 12:24
Оқиғалар

БҚО-да болған тікұшақ апатының алдын ала себебі айтылды

Авиация әкімшілігінің қатысуымен комиссия құрылды

БҚО-да болған тікұшақ апатының алдын ала себебі айтылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің вице-министрі Мереке Пішембаев Батыс Қазақстан облысында құлаған тікұшақтың құлауы оқиғасын тергеу барысына қатысты тілшілер сауалына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазавиақұтқару» тікұшағы ұшыраған апатқа келетін болсақ, тікұшақ жаңа болған. МИ-8 тікұшағының жұмыс істегеніне бір жыл ғана болған. Оны жөндеу іс-шаралары да уақытылы өткізілген. Бұл оқиға бойынша деректер тексеріледі. Авиация әкімшілігінің қатысуымен комиссия құрылды. Қазіргі кезде апатқа ауа райы жағдайы әсер етуі мүмкін деген себеп қаралып жатыр. Басқа ештеңе айта алмаймын», деді Мереке Пішембаев.

Еске салайық, 23 ақпанда «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 тікұшағы Батыс Қазақстан облысында апатқа ұшырап, соның салдарынан төрт адам қаза тапқан болатын. Тағы екі адам жарақат алды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#апат #БҚО #тікұшақ