$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2023, 12:47
Оқиғалар

Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдарды үйлестірген күдікті ұсталды – ІІМ

Оның шетелддік шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев екені анықталды

Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдарды үйлестірген күдікті ұсталды – ІІМ
Фото ашық дереккөзден

ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұсталған топқа ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы «Қорқыту», 147-бабы «Жеке өмірге қол сұғу», 158-бабы «Журналистік қызметке кедергі келтіру», 202-бабы «Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» және 293-бабы «Бұзақылық» бойынша айып тағылуда», - делінген хабарламада.

Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев ұсталды.

Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда «тапсырыстар» беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді.

Аталған топ В. Борейкоға, Г. Бажкеноваға, Г. Ерғалиеваға, С. Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық шабуыл жасаған. Бұл – автокөлікті өртеу, журналистерге, олардың туыстары мен редакцияларға қоқан-лоққы көрсету мен шабуылдар жасау, DDoss шабуылдар.

«Қылмыстық топ шабуылдарының басты мақсаты – журналистерді қудалауды имитациялау арқылы ҚР Президентін және ол жүргізіп отырған демократиялық реформаларды дискредитациялау», - делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары