ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Ақтөбедегі жабық емдеу мекемесіндегі науқастар аштық жариялады

Олар құқықтарының бұзылғанын айтты

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде есірткі мен ішімдіктен мәжбүрлеп емдеу орталығынан шу шықты. Жабық ауруханада алпыстан астам адам аштық жариялаған. Нәр татпай отырғандар өз талаптарын осылай жеткізуді жөн көрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Олар құқығымыз тапталып отыр дейді. Нәр татпай отырғандар күзет қызметінен қысым көргендерін айтты.

Бұл жабық емдеу орталығында жақында күзет қызметі ауысқан. Жаңа күзетшілер жұмысқа кіріскен бойда барлық тыйым салынған заттарды жинап алған. Бөлмелерден 15 қолдан жасалған пышақ, ойын карталары тәркіленген.

«Төбелес болған жоқ. Негізі біз келгенде барлығы мас болды. Аштық жариялап жатыр. Тамағы апарылды, берілді. Өздері ішпейді», - дейді күзет қызметкері Ақәділ Қодықов.

Қазіргі таңда бұл емдеу орталығында 138 науқас емделуде. Барлығыда сот шешімімен нашақорлық пен маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде ем қабылдауда.

Емдеу мекемесі мен күзет қызметі жағдайды реттеуді қолға алды. Олар қазір науқастармен келіссөздер жүргізуді бастап кеткен.

Тегтер: