03.03.2020, 00:38
Оқиғалар
ШҚО-да жүзден астам ұрланған мал иелеріне қайтарылды
Қайтарылған мал 5 млн теңге тұрады
Фото: ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері ұрланған 5 млн теңгенің малын иелеріне қайтарып берді. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«24-28 ақпан аралығында жүргізілген «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы барысында 40-тан астам мобильді топ құрылған. Осы уақыт аралығында тәртіп сақшылары мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 430 көлік құралын және ет өнімдерін сататын 193 сауда орнын тексерді. Шара барысында мал ұрлығы бойынша 8 факті анықталып, 19 бас мал иелеріне қайтарылған. Сондай-ақ осыған дейін жасалған 27 қылмыс ашылды. Нәтижесінде құны 5 млн теңгеден асатын 100 бастан астам мал табылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды