ШұғылҚазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 152 мыңнан асты

Шымкентте 17 тұрғын алаяқтың құрбаны болды

Күдікті оларға мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмек алып беретінін айтқан

Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының 17 тұрғыны алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шымкенттің тұрғындары алаяқтың арбауына түсіп қалды. Олардың 23 жастағы танысы мемлекеттік қызметте жұмыс істейтінін айтып, әрқайсысына мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға, мүгедектерге, жалғыз басты аналарға және аз қамтылған отбасыларға қаржылай-әлеуметтік көмек алып берем деп уәде берген. Ол әрқайсысынан жеке куәлігінің суреті мен банк шоттарының 20 таңбалы нөмірін алған. Қажетті реквизиттерді алған соң, жас ер адам микрокредиттік ұйымдардан әртүрлі сомаға онлайн-несие рәсімдеген», - деп жазылған хабардамада.

Барлық жәбірленушілер бір уақытта полицияға жүгінді. Оларға 1,4 млн теңгеге жуық шығын келтірілген. Күдікті ұсталып, Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жеткізілді. 

«Аталаған жайт ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - дейді полициядағылар.