$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.03.2020, 09:23
Оқиғалар

Түркістанда марихуана сатумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды

Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Түркістанда марихуана сатумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды

Түркістан облысы Полиция департаменті марихуана сатумен айналысқан ерлі-зайыптыны ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

«Полиция қызметкерлері есірткі затын өткізді деген күдікпен Түркістан қаласының тұрғындары, ерлі-зайыптыны ұстады. Белгілі болғандай, ер адам мен оның жұбайы ұзақ уақыт бойы облыс орталығының аумағында марихуана сатумен айналысқан. Күдіктілердің үйін тінту кезінде 20-дан астам сіріңке қорабы табылып, тәркіленді. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі заты салмағы 100 грамм болатын «кептірілген марихуана» болып шықты», - делінген.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 297-ші бабының 3-ші бөлігімен «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» бойынша тіркелді. Күдіктілер қамауға алынып, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы бапқа сәйкес, ерлі-зайыптылар есірткіні сақтау және өткізу әрекеті үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары