Алматы маңынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың бір бөлігі табылды
Қару сақталған орыннан оқ-дәрілер де табылған
17 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған орынды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тексеру барысында Remington 308 калибрлі иір ойықты мылтық карабині, екі оқжатары бар DSR 338 калибрлі жоғары дәлдіктегі мергендік карабині табылып, тәркіленді. Сонымен қатар Макаров тапаншасының 10 оғы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір ғана жоғары дәлдіктегі карабин шамамен 10 млн теңге тұратыны анықталды», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, аталған қару-жарақ қаңтар оқиғасы кезінде «Қорған» қару дүкенінен ұрланған тізіміне кіреді.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігі бойынша Жамбыл ауданы ПБ СДТБТ-да тіркелді.