Ресей әскері Херсон облысын өткен тәулікте 50 рет атқылады
Облыс аумағында бес адам қаза тапты
Херсон облыстық әкімшілігі өткен тәулікте облыс аумағына Ресей әскерлері 50-ден астам рет оқ жаудырғанын хабарлады. Ондаған елді мекендер миномет, артиллерия және танк атысына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy ВВС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Облыс орталығының өзіне соңғы тәулікте төрт рет оқ атылды. Алдыңғы күні хабарланғандай, Владимир Путиннің Ресей Федералдық жиналысына үндеуі кезінде Херсонның орталығындағы аялдаманың бірінде болған соққыдан бес адам көз жұмып, 21 адам жараланды.
Зардап шеккендердің арасында 16 жасар қыз бар. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Қалада тұрғын үйлер, емхана, кәсіпорындар мен зауыттардың ғимараттары да зардап шекті.
Сондай-ақ, Херсон облысының оккупацияланған бөлігінде жергілікті тұрғындарға ресейлік төлқұжаттарды мәжбүрлеп тарату жалғасуда, делінген ӘАОО Бас штабының таңертеңгі есебінде.
«Ресейдің оккупациялық әскерлері полициямен бірге жол тосқауылдарын тексеруді күшейтті және наурыз айының басынан бастап Ресейдің төлқұжатын алмаған барлық азаматтарды шығарамыз деп қорқытуда», делінген ӘАОО Бас штабының хабарламасында.