$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.02.2023, 15:59
Оқиғалар

Алматыда фельдшер тергеу изоляторына телефон тасыған

Қазір тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр

Алматыда фельдшер тергеу изоляторына телефон тасыған

Алматыда тергеу изоляторына телефон тасыған фельдшер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жуырда Алматы қаласындағы тергеу изоляторына шақырту бойынша келген жедел жәрдем фельдшері өзімен бірге тыйым салынған заттар ала келген.

"ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Бірнеше рет ұрлық жасау) сотталған 41 жастағы жігітке жедел жәрдем шақыртылған болатын. Жедел көмек көрсету үшін келген жедел-жәрдем бригадасын тексеру кезінде Р. атты фельдшерден әртүрлі маркадағы 4 телефон мен 145 мың ақша табылды", – деп хабарлайды Алматы қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі. 

Сотталған К. есімді азамат сол күні тергеу изоляторының қызметкерлеріне “бүйрегім ауырды” деп шағымданған. Оған жедел медициналық көмек көрсету үшін фельдшерге жеткізу кезінде сотталған К-нің қалтасынан да целлофанға оралған ұнтақ пен өткір иісті шөп табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша, оның қалтасынан табылған заттардың 78,66 грамм гашиш пен 15,20 грамм кептірілген марихуана екендігі анықталды. 

Аталған фактілер бойынша Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасынан жедел-тергеу тобы шақыртылып, қазір тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары