$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түнгі көктайғақ салдарынан Петропавл жолдарында 5 жол-көлік оқиғасы болды

Зардап шеккендер жоқ, автомобильдер механикалық зақымдану алған

Түнгі көктайғақ салдарынан Петропавл жолдарында 5 жол-көлік оқиғасы болды

Түнгі көктайғақ салдарынан Петропавл жолдарында 5 жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Петропавл полицейлері жол қозғалысына қатысушыларды жоғары қырағылыққа шақырады. Ауа-райының өзгеруі мұздың пайда болуына әкелді. Сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін Петропавл қаласының жолдарында 5 жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ, автомобильдер механикалық зақымдану алған. Күрделі жағдайға байланысты жол қозғалысын бақылау күшейтілді. Автопатрульдер оқу орындарына жақын орналасқан. Сондай-ақ, күшейту үшін патрульдік полиция батальонының түнгі ауысымы маршруттарда уақытша қалдырылып, жұмысын жалғастыруда. Таңертеңнен бастап қала көшелерінде арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Полицейлер еске салады: көктайғақ жағдайында көлік құралдарын тежеу қиын. Апаттың алдын алу үшін жылдамдықты төмендетіп, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыру керек, әсіресе, жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезінде абай болу қажет. Жаяу жүргіншілер қазіргі жол жағдайында көшені белгіленбеген жерде немесе бағдаршамның тыйым салу сигналы арқылы өту әрекеттері екі есе қауіпті екенін есте ұстауы керек.

Тәртіп сақшылары қозғалыстың барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Көктайғақ болғанын тұрғындар да сезінгенін айтады.

«Таңертең жұмысқа барам деп шығып, табалдырықта құлап қалдым. Қатты тайғақ екен. Жарақат пунктіне келуге тура келді. Дәрігерлер сүйегім сынған дейді. Қазір отаға даярлап жатыр. Ойымда жоқ жерден осылай жарақат алдым. Қазір дәрігерлер отаға дайындап жатыр», - дейді қала тұрғыны Галина Королева.

Синоптиктердің мәліметінше, жақын күндері ауа райы түзеле қоймайды.
 

Серіктес жаңалықтары