ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Өскеменде алаяқтық жасаған судья сотталды

Сот үкімі бойынша Бақытжан Шарнаев 24 млн теңге айыппұл төлеуі керек

Өскемен қаласының №2 облыстық соты судья Бақытжан Шарнаев пен жиені Айгерім Ботабаеваның ісін қарады. 27 жылдық еңбек өтілі бар судьяның қызметтік жағдайын пайдаланып, алаяқтық жасағаны дәлелденді, деп хабарлайды Azattyh Ruhy тілшісі Курсив.кз сайтына сілтеме жасай отырып.

Анықталғандай,  «Қазинтерэтнос» ЖШС заңгері судьяға үлкен сомадағы қаражатты жиені Айгерім Ботабаева арқылы беріп жіберген.  Дау «Қазинтерэтнос» ЖШС-нан «Doktor Восток» ЖШС-нің пайдасына 20 млн теңге өндіріп беруге қатысты болған.

Пара берушілер облыстық сот судьясы Шарнаев қалалық сот судьяларының шешіміне әсер ете алады деп ойлаған.

Телефон жазбасында Бақытжан Шарнаев: «Миллион екі жүз Өскемен қалалық сотына, жартысы төрағаға, жартысы Базаровқа» (істі қарап жатқан судья– ред. Kursiv.kz) дегені жазылған.

Тергеу барысында Бақытжан Шарнаев өз кінәсін мойындамаған. Шарнаевқа айып 366-шы «Пара алу» бабы бойынша айып тағылған. Іс қайта қаралып, ҚР ҚК 190-бабы бойынша «алаяқтыққа» ауысты.

Сот үкімі бойынша, Шарнаев 24 млн теңге төлеуі тиіс. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқынан айырылды. Айгерім Ботабаева 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.  Айгерімнің аяғы ауыр болғандықтан, түрмеге ол 5 жылдан кейін ғана отырады. Сот шешімі әлі заңды күшіне енбеді.