$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2023, 16:10
Оқиғалар

Шымкентте тұрғын үй өртенді

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Шымкентте тұрғын үй өртенді

Шымкентте тұрғын үй өртенді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, І.Жансүгіров көшесінде 18 ақпан күні сағат 09:45-те жалпы көлемі 600 ш.м. құрайтын алты үйлі барак типті бір шатыр астында орналасқан тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, қасында тұрған екі үйге өткен. Өртке оранған үйлердің көлемі 150 ш.м. қамыс төбе жаппасы және шатыры жанды.

Өрт сағат 11:11-де оқшауланып, сағат 11:42-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Өртті сөндіруге Өрт сөндіру қызметінен 21 қызметкер мен 5 дана техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары