$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы полицейлері асылып өлмек болған ер адамды құтқарды

Ол қоштасқысы келетін туыстарын үйіне шақырған 

Алматы полицейлері асылып өлмек болған ер адамды құтқарды
Фото ашық дереккөзден

Алматы полицейлері асылп өлмек болған ер адамды құтқарды. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек дәстүрлі брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

«Алматы полицейлері өз өмірін қиғалы тұрған ер адамды дер кезінде тоқтатып, оның өмірін сақтап қалды. Учаскелік инспекторлардың жедел араласуы мен үйлесімді әрекеттері 65 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалуға көмектесті. Ол мас күйінде өмірімен қош айтысуға бел байлапты. Бірақ, одан бұрын ол қоштасқысы келетін туыстары мен таныстарын шақырады. Бірінші болып досы 102 нөміріне қоңырау шалған», - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Суицидке бел байлаған адамның пәтер есігі құлыптаулы болды, полиция есікті бұзып кіруге мәжбүр болған. 

«Полицейлер үйге кіргенде, ол пештің жылыту құбырына тұзақ әзірлеп іліп қойған. Ер адамға алғашқы көмек көрсетіліп, дереу сыртқа шығарылып, жедел жәрдем шақырылды», - деді ол.
 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #суицид