$ 516.91  586.33  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркияның зілзаладан зардап шеккен аумағын қалпына келтіруге 84 миллиард АҚШ доллары қажет

Түркия аумағында 50 мыңнан астам ғимарат толығымен қирап, айтарлықтай зақымдалған

Түркияның зілзаладан зардап шеккен аумағын қалпына келтіруге 84 миллиард АҚШ доллары қажет
Фото ашық дереккөзден

ДДСҰ-ның бағалауы бойынша Түркия мен Сирияда 26 миллионға жуық адам гуманитарлық көмекке мұқтаж, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

БҰҰ Түркия үшін 1 миллиард, Сирия үшін 397 миллион доллар жинайтынын жариялады. 

«БҰҰ Бас хатшысы Түркия әлем бойынша ең көп босқындардың үйіне айналғанын және көптеген жылдар бойы сириялық көршілеріне үлкен жомарттық танытқанын еске салды. Дәл осындай ынтымақтастықты көрсетіп, Түркияны қолдайтын кез келді», - деді БҰҰ Бас хатшысы Стефан Дюжаррик.

Түркия аумағында 50 мыңнан астам ғимарат толығымен қирап, айтарлықтай зақымдалған, ал кейбір кейбір ғимараттарға мамандар әлі жеткен жоқ. Елдегі апат аймақтарынан басқа қауіпсіз жерлерге қоныс аударған адамдардың саны 216 мыңнан асады.

Экономистердің соңғы бағалауы бойынша қираған провинцияларды қалпына келтіру үшін 84 миллиард долларға дейін қаражат қажет болады. 

Түркияда 220-дан астам құрылыс мамандары және мердігер ұйымдардың басшылары жаппай қираудың себептерін тергеу аясында күдікті деп танылды, оның 30-ға жуығы қамауға алынды, ал 150-іне әзірге елден кетуге тыйым салынды.

Ресми мәліметтер бойынша, елде 38 мыңнан астам адам қаза тапты, 105 мыңнан астам адам зардап шекті. Көршілес Сириядағы апатты жер сілкінісінің құрбандары кем дегенде алты мың болды.

Серіктес жаңалықтары