16.02.2023, 12:23
Оқиғалар
Атырау облысында ТЖМ департамент басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Фото ашық дереккөзден
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Атырау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жергілікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының міндетін атқарушы Ерұлан Серікқалиев мәлім етті.
«Е. Серікқалиев параның көлемін айтқан жоқ. Оның айтуынша, ұсталған тұлғаға кінәсін мойындауына байланысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмаған, толығырақ ақпарат кейінірек берілетін болады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
