$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сепаратизм үшін айыпталған оралдық тұрғын Ресейде босқын мәртебесін алды

Оны Қазақстанға экстрадициялау әзірге мүмкін емес

Сепаратизм үшін айыпталған оралдық тұрғын Ресейде босқын мәртебесін алды
Фото ашық дереккөзден

Федоровка кентінің 35 жастағы тұрғыны Максим Яковченконың мәлімдемесі қоғамда үлкен пікірталас тудырған еді. Ол өзінің VK парақшасында Орал мен Қазақстанның бірқатар қаласын  Ресейге «беру» керек деп жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Ол бірден қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпталды — сепаратизм және ұлтаралық алауыздықты қоздыру.

Іс Орал қалалық сотына берілді, бірақ айыпталушы 2022 жылдың 11 қазанында негізгі сот талқылауына келмеді. Судья Найля Жүнісова мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды. Соттың сұрауына облыстық психикалық денсаулық орталығы Яковченко стационарлық емделмегенін (ер адамның өзі оны жасөспірім кезінде қатты ұрып-соққан деп айтқан, сондықтан оның денсаулығындапроблемалар бар) айтқан. 

Былтыр 14 қазанда Максим Яковченко тағы да сотқа келмеді. Полиция қызметкерлері оны тұрғылықты жерінен таба алмады. Ол бірнеше апта бұрын үйін сатып, елден кеткені белгілі болды.

Белгілі болғандай, Максим Яковченко өткен жылдың 1 желтоқсанында Ростов облысында ұсталды. Алайда оны елге қайтару мүмкін болмайды, өйткені ол Ресейде босқын мәртебесін алған.

Серіктес жаңалықтары