Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр
«AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ЖШС ойдан шығарылған шарттармен азаматтарға баспана алуға көмек көрсететіні анықталды. Әлеуметтік желілерде сипатталған шарттарға сәйкес инвестор 5000 теңге салып, одан кейін 5 немесе одан да көп адамды тартуы керек.
Содан кейін салымшыға салған сомасы қайтарылады және сыйлық беріледі. Белгілі бір деңгейге жеткен соң салымшыға пәтер немесе 10 миллион теңге уәде етілген.
«Қаржылық (инвестициялық) пирамида схемаларын құру ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен қылмыстық жауапкершілікті көздейді»,- деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Егер, сіз «AYBA-Жанұя» қаржылық пирамидасының құрбаны болсаңыз, мына сенім телефондарына хабарласыңыз: 8(7172) 708-478, 8(7252) 77-14-48, 8-778-628-51-16.