13.02.2023, 12:34
Оқиғалар
Жезқазғанда жол апатынан бір адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 13 ақпанда болған
Коллаж: Azattyq Ruhy
Жезқазғанда жол апатынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға бүгін, яғни 13 ақпанда болған.
«Палитра» дүкенінің маңында Mercedes Benz автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып кеткен. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Аталған дерек тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды