13.02.2023, 09:31
Оқиғалар
Финляндия Украинаға Leopard танкілерін жіберу туралы әлі шешім қабылдаған жоқ – премьер-министр
Бұған дейін Германия Финляндияның Экономика министрлігіне әскери лицензия беріп, Украинаға танкі жібереміз деп мәлім еткен
Фото ашық дереккөзден
Финляндия премьер-министрі Санна Марин мәлім еткендей, бұл ел Украинаға Leopard танкілерін жіберу туралы әлі нақты шешім қабылдамаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ВВС агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Бұған дейін Германияның Қорғаныс министрлігі елдің Экономика министрлігіне әскери лицензия беріп, Украинаға 178 Leopard танкісін жібереміз деген шешімін мәлім еткен еді. Дегенмен, Финляндия премьер-министрі өзге елдерге қарағанда елдің ұстанымы басқаша екенін алға тартқан.
«Біз Ресеймен шекараласатын болған соң, біздің ұстаным өзге елдердің ұстанымдарынан сәл басқаша», - деп мәлім етті Санна Марин.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді