$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2023, 13:03
Оқиғалар

Өскеменде құқық қорғаушы өзінің қайтыс болғаны туралы хабарлама алған

Оның зейнетақы жарнасы өзіне қайтарылған

Өскеменде құқық қорғаушы өзінің қайтыс болғаны туралы хабарлама алған
Фото Instagram.com/advokatvko_priimak

Өскеменде қала тұрғыны міндетті зейнетақы жарналарын аударғанымен, төлемі өзіне қайтарылған. Оған жеке тұлғалардың деректер базасында төлеушінің «қайтыс болғаны» туралы ақпарат тіркелгені себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғаушы әлеуметтік желідегі парақшасында басынан өткен оқиғаны жариялады.

«Менің жағдайымды елестетіп көріңізші: Kaspi қосымшама менің қайтыс болғаным туралы жазбаша хабарлама келді. Мен қайтыс болыппын! Ол аздай, маған 7 000 теңге – зейнетақы қорына төлемім қайтарылды. Мұны қалй түмінуге болады?» - деп жазады құқық қорғаушы.

Өскемендік азамат кейінне жағдайды анықтап, нәтижесін бөліскен.

«Қарапайым себеп те адамның жүрегін ұшырады екен. Бағдарламадан ақау шығыпты» - дейді тұрғын.

Серіктес жаңалықтары