$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2023, 11:43
Оқиғалар

Павлодарлық емші «тылсым күш» арқылы 119 млн теңге пайда тапқан

Ол алаяқтық ісі бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

Павлодарлық емші «тылсым күш» арқылы 119 млн теңге пайда тапқан
Фото ашық дереккөзден

Павлодарлық емші «тылсым күш» арқылы 119 млн ақша алған. Іс алаяқтық, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы аса ірі мөлшерде жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі ретінде қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар қаласы №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, емші әйел адамды дәстүрлі емес емдеу және тылсым күшке ие екеніне сендірген. Оған отбасындағы қарым-қатынасты, балалардың денсаулығын нығайту және бизнесінің гүлденуі үшін оккультизм саласында арнайы рәсімдерді өткізгені үшін жалпы сомасы 119 млн 480 мың теңге қаражатты иемденген.  

Алаяқтық жасаған адамның кінәсі жиналған дәлелдемелермен, жәбірленуші мен куәлардың айғақтарымен дәлелденді. Алайда сотталушы кінасін мойындамады. 

«Кәмелетке толмаған екі баласы бар екенін ескеріп, іс бойынша ауырлататын мән-жайлар болмағандықтан, сот оны 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды», – деді қалалық сотта.

Жәбірленушінің пайдасына қарай азаматтық талап бойынша сотталушының заңды өкілінен 119 млн 480 мың теңге мүліктік залал өндірді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары