$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркияда уақытша мәйітханалар жасақталды

Екі елде зілзаладан қаза тапқандар саны 20 мыңнан асты

Түркияда уақытша мәйітханалар жасақталды
Фото: euronews

Жер сілкінісі құрбандарының саны 20 мыңнан асты, оның 17 мыңы Түркияда тіркелді. Зардап шеккен аудандарда уақытша мәйітханалар жасақталып жатыр. Онда үйінділерден алынған жүздеген мәйіт бар. Оларды анықтау керек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Мәйітханаларды Антакьяда уақытша кешенді аурухананың ауласында орналастырды. Ол үшін тоңазытқыш жүк көліктері қажет болды.

Түрік ТЖ басқармасы (AFAD) барлық мәйіттен ДНҚ үлгілері мен саусақ іздері алынатынын, содан кейін мәйіттер мүмкіндігінше жылдам жер қойнына тапсырылатынын айтты.

Айта кетейік, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінің салдарынан 20 мыңнан астам адам құрбан болды. Үйінділердің астынан әлі де адамдарды іздестіру жалғасып жатыр. Сондай-ақ Түркиядағы зілзала кезінде 4 қазақстандықтың жоғалғаны белгілі болды. Оның біреуі аман-есен табылса, тағы екеуінің мәйіті анықталды.

Серіктес жаңалықтары