$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2023, 10:13
Оқиғалар

Ақсу қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, бес бала зардап шекті

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Ақсу қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, бес бала зардап шекті
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысы Ақсу қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт туралы 101 нөміріне 9 ақпан күні сағат 17:55-те Ақсу қаласы, Астана көшесінде орналасқан үйлердің бірінде өрт шыққаны жайында хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің «ӨС және ЖҚ ҚЖ» ММ күштік құрылымы жіберілді.

Өрт сөндірушілер 5 қабатты тұрғын үйдің 1-ші қабатындағы 2 бөлмелі пәтердің жатын бөлмесінде пайдалануға қажетті заттар мен жиһаздардың жанып жатқанын анықтады. Жалын жалпы көлемі 12 шаршы метр жерді шарпыған.

«Оқиға орнынан 7 адам эвакуацияланды. Ал Ақсу қаласындағы орталық ауруханға жедел жәрдем бригадасы 3 ересек және 6 баланы жеткізді. Кейін 5 бала орташа уланумен ауруханаға жатқызылды»,- делінген хабарламда.

Тілсіз жау сағат 18:20 оқшауланып, сағат 18:44- те толықтай сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға Павлодар облысы ТЖ департаментінің 8 техникасы мен 16 қызметкері тартылды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары