$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.02.2023, 12:01
Оқиғалар

«Көлік ұттыңыз»: алаяқтар Түркістан облысының тұрғынын 8 млн теңгеге алдаған

Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, қамауға алынды

«Көлік ұттыңыз»: алаяқтар Түркістан облысының тұрғынын 8 млн теңгеге алдаған
Фото ашық дереккөзден

Алаяқтар Түркістан облысының тұрғындарын «көлік ұттыңыз» деп 8 млн теңгеге алдаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өткен жылы болған алаяқтық қылмысын ашып, қызылордалық күдіктілерді қолға түсірді.

Нақтырақ айтсақ, полицияға арызданушы әйел 2022 жылдың шілде айында ұялы телефонына өзін компания қызметкерімін деп таныстырған белгісіз біреу, KIA K5 автокөлігін ұттыңыз деп айтып, сендіргенін жеткізді. Содан алаяқ тұрғыннан жаңа көлікті иемдену үшін ақша сұраған. Ал алаяқтың сөзіне сенген жәбірленуші оған 8 млн теңгеден астам ақша берген.

Аталған жайт Ордабасы аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.

Хабар алысымен қылмыскерлерді құрықтауда полицейлер іске кірісті. Іздестіру шараларын үздіксіз жүргізді. Нәтижесінде осы іске қатысы бар сезіктілердің жеке басы анықталды. Олар Қызылорда облысының жұмыссыз тұрғындары болып шықты.

Анықталғандай, күдіктілер достарының банктік есепшотын иесіне білдірмей қолданған. Содан алдау жолымен алған ақшаны аталмыш есепшотқа аудартып, пайдаланған. Қазіргі уақытта ұсталғандар қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары