$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.02.2023, 12:56
Оқиғалар

Ақмола облысында екі адамды пышақтап өлтірген ер адам ұсталды

Күдіктінің осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын сотталғаны анықталды

Ақмола облысында екі адамды пышақтап өлтірген ер адам ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында ер адам екі бірдей бөтелкелесін пышақтап өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам стационарлық полиция бекетіне кінәсін мойындап келген. Ол оқиғаның 8 ақпанда сағат 18.00 шамасында Көкшетау қаласындағы жатақханалардың бірінде болғанын айтқан.

«Материалдарды алғашқы жинау барысында күдікті мен оның екі танысы, 1936 жылы туған ер адам мен 55 жастағы әйелдің ішімдік ішкендері анықталды. Отырыс барысында ерлер арасында жанжал туындап, нәтижесінде күдікті егде жастағы ер адамға, содан кейін әйелге бірнеше рет пышақ салған. Кейін, қылмыс құралынан құтылып, күдіктінің өзі «102» арнайы желісіне қоңырау шалып, жақын маңдағы постқа келді», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын сотталғанын анықтады.

«2008 жылы кісі өлтіргені үшін ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған, ал босатылғаннан кейін Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының аумағында тұрды. Тергеу кезеңінде жәбірленуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды» - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде екі адамды өлтіру фактісі бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Серіктес жаңалықтары