09.02.2023, 11:18
Оқиғалар
БҚО-да екі жыл бойы өзгені бопсалап, дүние-мүлкін тартып алған екеу ұсталды
Күдіктілер жәбірленушінің арызынан кейін қолға түскен
Фото ашық дереккөзден
Батыс Қазақстан облысында екі жылдан бері өзгені бопсалаумен айналысып келген екі тұрғын ұсталды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, олар жәбірленушінің арызынан кейін қолға түскен.
«Екі жылдай бопсалаумен айналысқан 1980 және 1966 жылы туған екі ер адам ұталды. Олар жәбірленушіге 11 миллион теңге шығын келтірген. Бұған дейін бопсалаушылар жәбірленушінің саяжайы мен мүлкінің бір бөлігін өз атына жазып алған», - делінген хабарламада.
Ұсталғандар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір оларға қатысты бопсалау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 12:39
«Мама, мама»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаз анасымен жылап көрісті (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды