09.02.2023, 10:27
Оқиғалар
Теңіз кенішінде «вакуум» цистернасы жарылып, жұмысшы көз жұмды
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото ашық дереккөзден
8 ақпанда күндіз Теңіз кенішінде адам өліміне әкелген қайғылы оқиға болды. «WEST DALA» компаниясына тиесілі «вакуум» цистернасы жарылып, 37 жастағы жұмысшы қаза тауып, 30 жастағы екінші жұмысшы жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy azh.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі («Адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«WEST DALA» мұнай-газ, медицина және басқа да салалардағы өндіріс қалдықтарын жоюмен айналысады.

Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады