$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралдағы кәсіпкер өлімі: куәгер өзін ұрып-соғып, зорлағаны туралы айтты

Кәсіпкер өліміне қатысты сот талқылауы жүріп жатыр

Оралдағы кәсіпкер өлімі: куәгер өзін ұрып-соғып, зорлағаны туралы айтты
Фото: uralskweek.kz

Куәгер өзінің басынан 2007 жылы өткен оқиғны еске алды. Ол оқиға кәсіпкер Еркін Мұханғалиевтің мейрамханасында даяшы болып жұмыс істеген кезде болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Мой Город» порталына сілтеме жасап.

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта өткен жылдың тамыз айында елді дүр сілкіндірген кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды.

Оның денесі көптеген пышақ жарақатымен П. Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылды. Күдіктілердің жеке басы бірден анықталды. Бейнебақылау камераларына қылмыстық істің процесі түсіп қалған. Олар екі күннен кейін саяжайларда жасырынып жүрген жерінен қолға түсті. Істі алқабилер қарайды.

Сотталушылар орындығында 32 жастағы Руслан Қожантаев пен 22 жастағы Тұрлан Амангелді отыр. Екеуі де бұрын сотталмаған, БҚО тумалары, екеуі де жұмыссыз. Қожантаевтың үш баласы бар, олардың ең кішісі – небәрі төрт айлық.

Басылымның жазуынша процесс БҚО прокурорының орынбасары Нұрлан Ержановтың айыптау актісін оқығанынан басталды. Мемлекеттік айыптаудың мәліметінше, өткен жылдың 6 тамызында Қожантаев пен Амангелді алдын ала қылмыс жасау бойынша келісіп, пышақ алып, «Рахат-Лукум» караоке-мейрамханасына барған.

Осы уақытта мейрамханада бес жасар қызымен бірге мекеме иесі Еркін Мұханғалиев отырады. Әрі қарай Қожантаев пен Амангелді оның үстеліне отырып, кәсіпкердің қызы әкесінен әрі кетеді. Дастархан басында Қожантаев Мұханғалиевтен оны үлкен жалақыға кәуәпші ретінде жұмысқа алуды талап етеді. Олардың арасында жанжал туындап, Амангелді алдын ала белгіленген схема бойынша кәсіпкердің шығуына тосқауыл қояды. Осы кезде екінші сотталушы пышақ алып, Мұхангалиевтің мойнына сұғып алады. Кейін олар кәсіпкерді өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетеді.

Залға шақырылған келесі куәгер 2007 жылы «Астория» мейрамханасында жұмыс істеген.

«Ол кезде мен 18 жаста едім, колледжде оқу ақысын төлеу керек болғандықтан, жұмысқа тұрдым. Еркін Мұханғалиев менімен еңбек шартын жасасқан жоқ, ол менің куәлігімді алды, бұл ретте біз сынақ мерзімінде болдық. Ақиқатында біз тегін жұмыс істедік. Ал ренжігендер бірден жұмыстан шығарылды. Біз орындықта, үстелде ұйықтап жүрдік, бар үстелінің қалдықтарымен тамақтандық. Еркін маған қырындайтын. Ол бізге жануар сияқты қарады. 11 наурызда мені Еркіннің ағасы ұрып, зорлады. Осылай істеуге оған рұқсат етілгенін айтты. Мұның барлығы мейрамхананың жертөлесінде болды, куәгерлер бар. Бірақ 15 жыл өтті, мен оны дәлелдей алмаймын, медициналық тексерудің нәтижелері бар, куәгерлер бар. Бірақ Еркін менің көзімше тергеушілерге пара берді. Ал полиция маған бәрін видеоға түсіру керек екенін айтты. Ол кезде қазіргідей телефон да болмады», - деді куәгер.

Әйелдің айтуынша, оқиғадан кейін оған арызын қайтып алу үшін 500 мың теңге және автокөлік беру ұсынылған. Бұл ұсыныстан бас тартқан кезде оған күдікті адамдар келе бастады.

«Төрт тергеуші ауыстырылды. Еркін маған ақша, көлік ұсынды, мен бас тарттым. Мен ауруханада жатқанда, олар маған татуировкасы бар адамды жіберді. Ол мені асханада ұстап алды да «Егер арызыңды қайтып алмасаң, бүгін түнде саған бірдеңе болады» деді. Осы кезде менімен бір палатада жатқан қыз келіп қалды. Ол самбодан спорт шебері еді, бірден маған көмектесті. Біз оны таптық, ол қазір куәгер болып жүр. Мен ауруханадан қашып, ауылыма кетіп қалдым. Бірақ ол жерге де күдікті адамдар келді. Денсаулығымды жоғалттым, колледжден шығарылдым, өйткені спорт факультетінде оқып жүрген едім, өйткені спортпен шұғылдана алмадым. Жігітім мені жақтағанмен бәрі мені жезөкше деп атады. Бұл өте ұят нәрсе еді, бәрі білді. Бірақ мен бұл қиын шақтан да өттім, тұрмысқа шықтым, балалы болдым. Әлеуметтік желілерде оның өлімін көргенде «Рахмет, Руслан!» (сотталушы) деп айттым», - деді ол.

Бұл жағдайды неліктен ертерек айтпағаны туралы сұрақ қойылғанда куәгер құқық қорғау органдарына енді сенбейтінін айтты.

 

Серіктес жаңалықтары