$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2020, 09:03
Оқиғалар

Маңғыстауда есірткіге қарсы күрес басқармасының бірнеше қызметкері сотталды

Олар көлік жүргізушісіне жала жауып, 5 млн теңге пара талап еткен

Маңғыстауда есірткіге қарсы күрес басқармасының бірнеше қызметкері сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында есірткіге қарсы күрес басқармасының 3 қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Мұндай үкімді Ақтау қалалық соты шығарды. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері пара талап еткені және қызметтерін асыра пайдаланғаны үшін айыпталып, кінәлі деп танылды. 

Тергеу материалдарына сүйенсек, олар өткен жылдың қыркүйегінде «Тойота авалон» автокөлігін есірткі заттарын тасымалдап келе жатыр деп тоқтатып, жүргізушісіне қысым көрсеткен. Және қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін көлік жүргізушісінен 5 млн теңге заңсыз пара талап еткен. Алайда аталған көліктен ешқандай есірткі заты табылған жоқ. Соттың шешімімен жүргізушіні қорқытып, бопсалаған полицейлер арнаулы сыныптық шендерінен айырылды. Сонымен қатар зардап шегушіге моральдық өтемақы төлейтін болды. 
 

Серіктес жаңалықтары