ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 820 адам коронавирус жұқтырған

Павлодарда дөңгелек жөндеу орны өртенді

Өрт шыққаны туралы хабар түнгі сағат 3-те түскен

Фото: ашық дереккөзден

Құтқарушылар дөңгелек жөндеу орнынан 50 литрлік газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өрт шыққаны туралы хабар түнгі сағат 3-те Кіші айналма жол, 5а мекенжайы бойынша түскенін мәлімдеді.

«Жеке тұрған дөңгелек жөндеу шеберханасында ағаш құрылымдар, төбесі, жылу сақтауға арналған материалдар жанып, жалын 18 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер 50 литрлік бір газ баллонын алып шықты. Өрт сағат 5:08-де толық жойылды», - деді департаментте.

Ведомство зардап шегушілер туралы хабарлаған жоқ. Тілсіз жауды ТЖД-нің 9 адамы мен 2 техника ауыздықтаған.

26 ақпанда Ертіс ауылындағы қамыс үйде өрт шықты. Жағалау, 18 мекенжайында орналасқан ғимаратта жиһаздар мен тоңазытқыш өртеніп, кейін төбеге көшкен. Өрттің жалпы ауданы 12 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер үйден 27 және 50 литрлік газ баллондарын шығарды. Оқиға орнында 8 адам, 1 техника жұмыс жасады.

Тегтер: