$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордалық әйел тіс түбірінде дәрігердің аспабы қалғанын бір жылдан соң бір-ақ білген

Дәрігер аспаптың бетін пломбамен жаба салғаны белгілі болды

Елордалық әйел тіс түбірінде дәрігердің аспабы қалғанын бір жылдан соң бір-ақ білген

Елордалық келіншек қалалық №6 емхананың тіс дәрігерінің салғырттығына шағым білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Пациент өзінің шағымын Instagram әлеуметтік желісіндегі zhaloby.astana парақшасында жазған. Оның айтуынша, ол екі жыл бұрын тісін №6 қалалық емханада емдеткен. Алайда соңғы кездері емдеткен тісі ауырып маза бермеген соң, басқа дәрігерге көрініп, тісін рентгенге түсірген.

«Екі жыл бұрын Астана қаласының №6 поликлиника стоматологына тісімді емдеттім. Соңғы айларда сол тісім мазалап қайта ауыртқан соң рентгенте түсірдім. Тісімді емдеу барысында тіс түбірінің ішінде 1 инструмент қалып кеткенін көрдік, оның бетін пломбамен жауып қоя салған екен», - деп шағымданады автор.

Пациент емхананың тіс дәрігеріне болған жайт туралы айтып, оның ұялы нөміріне хабарлама жіберген. Әйелдің айтуынша, дәрігер өз қателігін мойындап отыр. Алайда ешқандай көмек көрсетілмеген.

«Ешқандай реакция жоқ. Бұл тісті емдетуге, сүйекте жатқан инструментті алу үшін операция істелу қажет екен. Моральдық зиянды талап етуді сұраймын. Дәрігерге хабарлассам, тұтқаны алмайды, жазсам, жауап бермейді. Емхана басшылығынан жауап күтемін», - делінген жазбада.

Серіктес жаңалықтары