$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында жаңбыр тоқтағанымен, су ағыны тоқтаған жоқ – ТЖМ

Өңірден 200-ден астам адам мен 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды

Түркістан облысында жаңбыр тоқтағанымен, су ағыны тоқтаған жоқ – ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Министр Юрий Ильин Түркістан облысында су басу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Төтенше жағдайлар минстрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ведомство басшысы тарапынан жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресу тапсырылды.

«Бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді. Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмысты жалғастыруда. 200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды. Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны жалғасуда. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді.

«Жағдай ерекше бақылауда. Республикалық және облыстық жедел штабтар, «жедел желі» жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары