$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысындағы су тасқынын тоқтатуға сарбаздар жұмылдырылды

Кезекші бекеттерде өзен ағысы мен су деңгейі қатаң бақылауда

Түркістан облысындағы су тасқынын тоқтатуға сарбаздар жұмылдырылды

Қардың күрт еруі Арыс қаласы мен көптеген ауылдарды жағалай ағып жатқан Арыс өзеніне құятын Кабылсай каналының арнасынан тасуына әкелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік аймақ басшылығы орын алған жағдайды бақылауда ұстайды, кезекші бекеттерде өзен ағысы мен су деңгейін қатаң бақылайтын болады деп отыр.

«Елді мекендерді су басу қаупіне байланысты Арыс қаласы әкімдігінің, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығы, ауылдық округтердің әкімдері су тасқынына қарсы шаралар ұйымдастырды.

Оған Қарулы күштердің 44859 әскери бөлімінің жүз сарбазы, №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы, "Жасыл Арыс" КММ мамандары, жастар ресурстық орталығының еріктілері жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта ауылдық округтерге және су басу қаупі бар аймақтарға жіберілетін 2 мың қап құм дайындалды»,-деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігі.

Серіктес жаңалықтары