02.02.2023, 12:05
Оқиғалар
Алматыда екі автобус соқтығысып, 6 адам зардап шекті
Жол апаты 2 ақпанда таңғы сағат 08:30 шамасында болған
Фото: polisia.kz
Алматыда екі автобус соқтығысып, соның салдарынан 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік апаты 2 ақпанда таңғы сағат 08:30-да Әл-Фараби даңғылында, Жароков көшесінің батыс тұсында болған.
«Болжам бойынша №31 бағыттағы Yutong автобусының жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған №116 бағыттағы SAZ маркалы автобуспен соқтығысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам зардап шекті», - делінген хабарламада.
Аталған деректі Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өндіріске қабылдады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
13.11.2026, 12:22
Қазақстандықтар 17 қарашада интернетсіз және азық-түліксіз қалуы мүмкін бе: министрліктер жауап берді
13.11.2026, 14:26
Ақтауда машина жарылып, газ баллоны аспанға ұшып кетті
