$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.02.2023, 11:12
Оқиғалар

Алматыда күйеуі әйелін атып өлтірді: көршілер қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін айтты

Қанға малынған ата-ананы жұмыстан келген ұлдары бірінші көрген

48 жастағы алматылық жұбайымен жанжал кезінде қолына мылтық алып, әйелін өлтіреді. Артынша өзіне де қол жұмсауға шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қанға малынған ата-ананы жұмыстан оралған ұлы көреді. Ол көршілерін көмекке шақырады. Балаларының пайымынша, әкесі мұндай қадамға ажырасқысы келіп жүрген әйелін қызғанғандықтан барған.

«Кісі өлтіруге қызғаныштан барды, күйеуі әйелін өлтірді. Олар 19:20-да табылды. Балалары маған қоңырау шалды, сосын мен келдім. Полиция сағат 19: 30-дан 5-ке дейін осында болды. Ажыраспаған етін, бірақ, ажырасуға өтініш берген», - деді көршісі.

Кісі өлтіру мен суицидке шынымен де қызғаныш себеп болды ма, оны полицейлер анықтайды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Бұл факт ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полициядан.

Серіктес жаңалықтары