$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.02.2023, 10:33
Оқиғалар

Екібастұзда жас жігіт жоғалып кетті

Оны жақындары мен еріктілер 8 қаңтардан бері іздеп, таппай жатыр

Екібастұзда жас жігіт жоғалып кетті

Екібастұзда жас жігіт жоғалып кетті. Мадияр Молдажанов 2023 жылдың 8 қаңтарында Аққулы ауданының Қазы ауылына қарай шығып, содан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Vita еріктілерінің мәліметінше, сол кеткеннен бері қайтып үйіне оралмаған және бүгінгі таңда оның қайда жүргені белгісіз.

Мадияр Молдажанов 1999 жылы 18 қазанда дүниеге келген. Бойы - 140-150 см, арықша келген, шашы қара. Бетінің сол жағында ойық тәрізді тыртық бар. 

Үстіне қызыл куртка мен сұр джинсы шалбар, қара бас киім, қара бәтіңке киген. 

Хабарсыз кеткен жігітті көрген немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білген тұрғындардан  +7 747 615 55 63 (Катерина), +7 777 334 82 01 (Светлана) телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды. 

Серіктес жаңалықтары