$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.02.2020, 12:19
Оқиғалар

Қарағандылық әйел екі рет күйеуге шығып, екі күйеуін де өлтірген

Бірінші жолдасын ол осыдан 15 жыл бұрын о дүниелік етіпті

Қарағандылық әйел екі рет күйеуге шығып, екі күйеуін де өлтірген
Фото: ашық дереккөзден

Қарағандылық әйел екінші күйеуін өлтіргені үшін сотталды. Қылмыскер өмірінің келесі 11 жылын түзету колониясында өткізеді. Осыдан 15 жыл бұрын оның қолынан бірінші күйеуі де дүние салған еді.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, бірінші күйеуін өлтіріп, жазасын өтеп шыққаннан кейін әйел тағы бір еркекпен көңіл жарастырып, азаматтық некеде тұрып жатады. Арақ ішіп, көңіл көтеру барасында күйеуі жақындасуға әрекет жасайды. Бас тартқан әйелді жігіт бетінен шапалақпен соғып жіберген. Ол балконға атып шығып, көшедегілерден көмек сұрап айқайлай бастайды. Күйеуі соңынан жүгіріп шығып, әйелін сүйреп үйге кіргізеді. Ашуға булыққан әйел ас үйде тұрған пышақты алып, күйеуінің кеуде тұсына сұғып алған. Ер азамат ауыр жарақаттан тіл тартпай кетті. 

Қылмыскер өзі полиция қызметкерлерін шақыртып, кінәсін толық мойындаған және өзін қорғамақ болғанын айтқан. Алайда, тергеу амалдары қорғанудың қажеттілігі туындамағанын дәлелдеді.

Сот шешімі бойынша ол 11 жылға бас бостандығынан айрылды. Қылмыскерге қатысты «Адам өлтіру» фактісі бойынша екі рет жауапқа тартылғандықан ол жазасын максималды қауіпсіздіктегі колонияда өтейді.

Серіктес жаңалықтары