27.01.2023, 13:48
Оқиғалар
Алматыда шұлықтың ірі контрафактілік партиясы тәркіленді
Күдіктілер шұлықты балалар үйіне жеткізбек болған
Фото ашық дереккөзден
Алматыда белгілі брендтің атын жамылып, заңсыз жолмен шығарылған шұлықтардың ірі партиясы тәркіленді. Бұл туралы Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Алмас Бекботаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында деп айтты, деп хабарлайды Azattyq ruhy.
Жалған өнім тек заңсыз ғана емес, зиянды болып шыққан.
«Шұлықтар тәркіленгеннен кейін іс сотқа жіберілді. Сараптамаға сәйкес, контрафактілік өнімдердің адам терісіне қауіпті химиялық қасиеттері бар екені анықталды. Сот шешімімен өнімдер жойылды», - деді А.Бекботаев.
Мамандар кез келген өнімді сатып алмас бұрын оның лицензиясын сұрау керектігін еске салды.
Шұлықтар балалар үйіне жеткізілген жоқ.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады