$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.01.2023, 11:43
Оқиғалар

«Қазпоштаның» павлодарлық филиалы директорының орынбасары ұсталды

Ол 2 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктеліп отыр

«Қазпоштаның» павлодарлық филиалы директорының орынбасары ұсталды
Фото: yandex.kz

Павлодарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері пара алды деген күдікпен «Қазпошта» филиалы директорының орынбасарын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аталған мәліметті ведомствоның баспасөз қызметі растады.

«Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазпошта» АҚ ішкі қауіпсіздік қызметінің көмегімен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары ұсталып, қамауға алынды.

Ол мердігер ұйым өкілінен орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 2 миллион теңге сомасында пара алды деп күдіктеліп отыр», - делінген Антикор хабарламасында.

Күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Серіктес жаңалықтары