25.01.2023, 09:30
Оқиғалар
Оңтүстік Кореяда 22 экипаж мүшесі бар жүк кемесі суға батып кетті
Әзірге екі адамның аман қалғаны белігілі, қалған экипаж мүшелері іздестіріліп жатыр
Фото ашық дереккөзден
Оңтүстік Кореяның Чеджу аралында жүк кемесі суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Кеме сәрсенбі күні түнде Чеджу аралында Согвипхо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148,2 шақырым жерде батып кеткен. Бортында 22 экипаж мүшесі болған. Оның 14-і КХР азаматы және 8-і Мьянма азаматы. Ресми мәліметтер бойынша әзірге екі адамның аман қалғаны белігілі. Құтқарушылар тобы қалған 20 адамды іздеп жатыр.
Гонконгта тіркелген Jin Tian кемесі ағаш тасумен айналысқан екен.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді