Петропавлда 3 адам ыстан уланып қалды

Өткен жылы СҚО елдімекендерінде 28 адам улы газбен уланған

Петропавлда 3 адам ыстан уланып қалды
Фото ашық дереккөзден

Петропавлда үш адам ыстан уланды. Оның екеуі бала. Жапа шегушілер ауруханада жатыр.

СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 101 телефонына Петропавл қаласында жеке үйде екі кәмелетке толмаған бала газдан уланғаны туралы ақпарат түсті. Олар дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қабылдау кезінде зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде болған. Мамандардың айтуынша, қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Балалардың қатты отынмен жұмыс істейтін пештің қақпағын ересектер ерте жабуы салдарынан уланғаны анықталды. Егжей-тегжейлі тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы тіркелді. Жарықтар сыланбаған, пеште отын кептірілген, жанғыш материалдар жақын жерде сақталған.

Жоғарыда көрсетілген мекен-жайға барып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде жадынамалар тапсыра отырып, ауланы аралау 2023 жылғы қаңтарда жүргізілген болатын.

Бұл жағдай жыл басынан бергі үшінші оқиға. Алдыңғылары Петропавл қаласында және Жамбыл ауданының Пресновка ауылында тіркелді.

2022 жылы СҚО елдімекендерінде 28 адам улы газбен уланған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.