Шымкентте өрт сөндіру қызметінің басшысына айып тағылып, ісі сотқа өтті
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды
Шымкентте өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің басшысына, алаяқтық бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдеуінше ол лауазымды өкілеттілігін асыра пайдаланып, қарамағындағы қызметкерлердің ақшасын иемденіп отырған. Қылмыстық іс сотқа өтті.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды.
Ұжымның бірлескен отырысына, өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов арнайы қатысты. Министрдің бұйрығын оқып, әдеп нормаларын қатаң сақтауға шақырды. Ал Антикор өкілдері сыбайлас жомқорлық әрекеттерінің жауапкершілік жүгі ауыр екенін ескертті.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеуге, өзінің қызметтік жағдайын асыра көрсетпеуге және пайдаланбауға, сонымен қатар қызметкерлердің атағына нұқсан келтіру мүмкін қатынастардан аулақ болуға деген. Бұрынғы басшы да жақсы жұмыс істеп еді. Бірақ барлығымызға, министрлікке және құқық қорғау органдарына үлкен нұқсан келтірді», - деді ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.