Қостанай облысында 30 мың долларға жуық жалған ақша тәркіленді

Azattyq Rýhy

Тергеу соты Қазақстанның 3 азаматын қамауға алу туралы санкция берді

Қостанай облысында 30 мың долларға жуық жалған ақша тәркіленді
Фото ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігі жалған шетел валютасын елге әкелу және таратуды жүзеге асырған қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті республиканың аумағына АҚШ долларындағы жоғары сапалы жалған шетел валютасын кіргізу және таратуды жүзеге асырған қылмыстық топтың қызметінің жолын кесті», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Түркия Республикасының астанасынан елімізге жалған шетел валютасын жеткізудің барлық тізбегі анықталды.

«Тергеу соты Қазақстан Республикасының 3 азаматына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Түркия Республикасының Құқық қорғау органдары жалған валюта жеткізудің қылмыстық арналарының жолын кесу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге жұмылдырылған.

Елімізге әкелінген 30 000 жалған АҚШ долларының 28 600 теңгесі сотқа дейінгі тергеу барысында анықталды және тәркіленді», - делінген хабарламада.

ҚМА Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ ел қонақтарын айырбастау операциялары кезінде қырағылық таныту қажеттігі және оларды тек банктердің мамандандырылған пункттері мен бөлімшелерінде ғана жүзеге асыру керек екені туралы ескертеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.