20.01.2023, 14:57
Оқиғалар
Тараздағы базарда ірі өрт болды
Өрттен 4 адам құтқарылды
Жамбыл облысы ТЖД Өртке қарсы бөлімшелеріне «Ақсай» базарындағы жеке тұрған екі қабатты ғимаратта шатырдың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жамбыл облысы құтқарушыларының күшімен ғимараттың бірінші қабатынан 4 адам құтқарылды (зардап шеккендердің жағдайы анықталуда).
Алдын ала ақпарат бойынша өрттің ауданы шамамен 1500 шаршы метрді құрайды. Ғимаратта сауда бутиктері, киім-кешек, ойыншықтар, екінші қабатта маталар мен перделерді сату бөлімдері орналасқан.

Өрт орнында Жамбыл облысы ТЖД 50-ден астам өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды