19.01.2023, 16:29
Оқиғалар
Рудныйда құбыр жарылып, көпқабатты үйлер жылусыз қалды
Қазіргі кезде оқиға орнында апаттық бригада жұмыс істеп жатыр
Көрнекі фото: Диапазон
Қостанай облысының Рудный қаласында құбыр жарылып, 24 көпқабатты және 59 жер үйдің тұрғындары жылусыз қалды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай төтенше жағдай бүгін сағат 10:30-да болған.
«Горняков көшесі бойында жылу құбырының диаметрі 530 мм болатын бөлігі жарылды. Соның салдарынан 24 көпқабатты тұрғын үй, 59 жеке үй, 16 заңды тұлға жылудан ажыратылды. Құбырдың жарылған учаскесін анықтау керек», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде оқиға орнында «Рудный жылу желілерінің» апаттық бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Әкімдік өкілдері қысқа уақытта жылу беру толық қалпына келтірілетінін хабарлады.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 16:58
«Қуанып отыр»: Олжас Абай анасының Бадықованы келін ретінде қалай қабылдағанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды