26.02.2020, 13:43
Оқиғалар
«Адам шығыны жоқ». Өскемен маңында ұшақ апаты болды
Ұшақ бортында 5 адам болған
Азаматтық авиация комитеті Өскемен әуежайы маңында «Орлан 2000» әуе компаниясына тиесілі Ан-2 ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады.
«Орлан 2000» әуе компаниясына тиесілі Ан-2 ұшағы Өскемен-Ақсуат бағытында санитарлық тапсырмамен шыққан. Сағат 12.50-де экипаж ұшақ қозғалтқышына қатысты төтенше жағдай болғанын хабарлады. Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жердегі ауданға мәжбүрлі түрде қону туралы шешім қабылдаған. Ұшақ бортында 5 адам болған, оның үшеуі экипаж мүшесі, екеуі қызмет бабындағы жолаушылар. Адам шығыны жоқ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасы тергеуді бастады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 16:02
Павлодарда дәрігерлер пойыз астына түскен жас жігіттің бір аяғын кесіп алып тастады: ол бәрібір қайтыс болды
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады