11.01.2023, 16:43
Оқиғалар
«Екі адам көз жұмды»: Алматы – Өскемен тас жолында КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты
Жол апаты Сарқан ауданында болды
Фото: Polisia.kz
Алматы – Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Аталған ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Алматы – Өскемен автожолының 448 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі 50 жастағы ер адам рөлді басқара алмай, қарсы келе жатқан КамАЗ көлігімен соқтығысты. Оқиға орнында жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен 34 жастағы жолаушы әйел қаза тапты», – деді облыстық ПД ППБ 5-взводының командирі Асхат Әмірхамзаев.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді